Ас атасы-нан

Страницы: 1 | 2  >  >>

Білім беру саласы: "Таным"
Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ас атасы-нан
Мақсаты:1. Балаларға нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде түсінік беру. Нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын жерге тастамай, оны қастерлей білуге баулу.
2. Нан туралы мақал-мәтелдерді,тыйым сөздерді, тақпақты оқу және қайталау, балалардың сөздік қорын жетілдіріп,тілін дамыту.
3. Нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелеп, үлкендердің еңбегін құрметтеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойлануға мүмкіндік беру.
Көрнекіліктер: нанның дастарханға келуі бейнеленген сурет, (құрастырма сурет) ұн, бидай, арпа.
Билингвалды компонент: Нан-хлеб; ұн-мука; бидай-пшеница: наубайхана-пекарня.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
-Амандасу.
Шаттық шеңбері.
Қайырлы күн көк аспан,
Қайырлы күн жер-ана,
Қайырлы күн анашым,
Қайырлы күн балапандар!
Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрып,шаттық шеңберін айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Әңгіме жүргізу.
-Біз бүгін
нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелейміз.
Нанның қандай түрлері бар екен?
Айтыңдаршы.
-Дұрыс,балалар,нан ақ нан, қара нан, батон нан, бөлке, бауырсақ,немесе тәтті бөлкелер, тоқаштар болып бөлінеді екен.
Нанның неден пісіретінін білесіңдер ме?
-Әрине, ұннан пісіреді. Ал ұнды қайдан алады?
-Адамдар алдымен жерді трактормен жыртады,кейін тұқым себеді. Оны суарады. Күзде егін піседі оны комбайнмен жинайды.
Диірменге апарады, бидайдан ұн дайындайды. Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар?
-Наубайханаға апарады, наубайшылар ұннан неше түрлі нан пісіреді. Пісірілген түрлі нан

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: