ңгі жарымайын киімге,
Мейлі, ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?
Өнеріммен тасып толам кемерге,
Мен өзім риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егерде.
Қарт жымиды: - Бәрекелде, жаз жайраң!
Көл болмаса тоят табар қаз қайдан?!
Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,
Бірің, міне, еттің лезде мәз-майрам.
Бірің үшін күрсінумен өтермін,
Бірің үшін сүйсінумен өтермін,
Сөйте-сөйте мен өмірден өтермін
Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім
Ал жарайды, батам осы, барыңдар
Отырарда туған ұлы дарындар!
Әжуасын әжіміне жасырып,
Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып,
Жалын еді-ау арманы айқын, әр көңіл
Екі досты екі арнаға бөлді өмір.
Дойыл солай өзгертпеді шешімін
Дәулет оған жылдам ашты есігін.
Өнері асқан саудагердің көп өтпей
Бағдат, Мысыр түгел білді есімін.
«Есепсіздің несібесі озар ма?»
Әйелінде баулыды ол со заңға,
Қонаққа арнап асылатын етті де
Өзі салып беріп жүрді қазанға.
Тек байлыққа деген жұтаң сарақдық
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Міне осылай жазық дарын, жас тұлға
Ұшырады әбілетті тозғынға.
Саудагердің өзге түгіл өзінің
Ұрпақтары кешті ұмытып аз жылда
Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ел қанатын,
Әбуіміз – әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз
Әбу – Нәсір әл – фараби болатын.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен арман керек екен адамға.
Талдау сұрақтары:
Кімге осы шығарманың қай кейіпкері ұнады? Несімен ұнады?
Ақын екі кейіпкерді қалай бағалап тұр?
Қайсысын дәріптеген? Неге деп ойлайсыңдар?
5. Шығармашылық жұмыс
5-кезең. «Арманым – асыл мұратым» тақырыбында
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>