Арман - жарқын болашақ бейнесі

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

і екі шәкіртті
Құрметпенен өз үйіне шақыртты:
Балақайлар, балапандар, көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім,
Туған жан өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел
Менде танып білсем деп ем
Кімсіңдер ?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге
Қане, Дойыл, сен айтшы?
Дойыл айтты:- Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпенен де армен де
Жалын шашса өнерімнің өрнегі
Сонау Иемен, Мысыр, Бағдат елдері
Түгел танып жыр ететін таңдана
Саудегер боп шықсам деймін жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек қой,
Табу үшін жұрт көрмеген пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе ?
Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын
Өнер қажет,білім қажет сол үшін
Қарт күрсінді:
- Ұлым желік қуыпсың !
Неге мұнша желтоқсандай суықсың !
Бағымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?
Бірақ Дойыл тұрып алды паңдана:
- Арманымды өзгерте алман, жан баба!
- Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды –
деп қария Дойылмен бір отырған
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды,
Әбу айтты: - Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан
Ұлы баба, Бірақ менің арманым –
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шомын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азаптыда шығар - ау,
Неде болса пешенемнен көрермін.
Мейлі, мә

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: