т бойынша: түрлері, субъектілері, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді:
-жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік);
-қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т. б. )
-Аудиторлық
Жалпы мемлекеттік бақылау мемлекеттік және ведомствалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау - бұзышулықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің ҚР-сының бюджет және заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылатын бақылау. Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қаржылық бақылау оны жүзеге асыратын органға қарай сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттің тиісті деңгейіне қарай республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін бақылау болып бөлінеді.
Сыртқы бақылау - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау. Сыртқа бақылауды: 1) республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; 2) жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Ішкі бақылау - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және оны ішкі бақылау службалары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.
Мемлекеттік қаржылары жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т. б. болып ажыратылады.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>