Қаржы саласындағы қаржылық құрылымы, жоспарлау және басқару. Қаржылық бақылау

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау - тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау
Аудиторлық бақылау - тәуелсіз аудиторлық фирма мен кәсіпорын, компания, банк, сақтық компаниясы иесінің жасаған келісім - шарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай - күйін тексеру. Аудиттің экономикалық мәні кәсіпорындардың, компаниялардың, фирмалардың, сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандарының іс-әрекеті кезінде меншік құқығы мен оны билеу құқығын бөлу. Аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру, бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиттік тексеріс келесідей кезеңмен жүзеге асырылады: 1) жоспарлау (екі тараптың іс-қимылын ішкі жүйеге келтірумен); 2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау; 3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны дайындау; 4) бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері; 5) аудит рәсімін жүргізу; 6) аудиторлық қорытындыны ұйымдастыру.
Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді:
1)Алдын - ала бақылау
2) Ағымдағы бақылау
3) Кейінгі бақылау
Алдын - ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүргізілер алдында жүзеге асырылады. Ол қаржылық болжау мен бағдарламаларды және барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру үрдісіне негізделген нақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Ағымдағы бақылау - қаржы жоспарларының атқарылу үдерісінде, шаруашылық-қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында тауар-материалды құндылықтар мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерін

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: