Қанатты достар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Шығармашылық.
Бөлімі : Экология негіздері.
Тақырыбы: «Біздің қанатты достарымыз»
Мақсаты: а) Балаларды құстармен және олардың түрлерімен таныстыру. Олардың тіршілігі жайлы түсінігін кеңейту. Құстардың түрлерін ажыратуға үйрету.
ә)Байланыстыра сөйлеу қаблетін, ақыл ойын дамыту,
сөздік қорын молайту.
б)Құстарға деген аяаушылық сезімін арттыру ,
оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты қорғай
білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қызыл кітап, қыстап қалатын құстар, жыл құстары, жыртқыш құстар.
Билингвальды сыңары: Қызыл кітап-красная книга,
Заттық дамыту ортасы: слайдтар, үнтаспа, құстардың суреттері, үлестірмелі материялдар.
Әдіс-тасілдер: тусіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Инклюзивті әлеумет: топпен жұмыс
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың
іс - әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық-Шаттық шеңбер
«Қарлығаш әні»
Отаныма көктем келді,
Күннің көзін ертіп келді.
Құстар әндеп ақ шырқайды
Балалар қуанады.
Далада гүлдер жайнайды,
Бақтарда бұлбұл сайрайды.
Өзенде балық жүзеді
Балалар қуанады.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қалай аталады?
- Қазір көктем мезгілің қай айы?
- Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады ?

Қуанышты көңіл – күймен орындайды.

-Көктем мезгілі
-Үш ай бар.
Наурыз, Сәуір, Мамыр.
-Наурыз айы.
-Күн жылыйды, жаңбыр жиі жауады, ағаштар бүршік жарады т. б.

Ұйымдастыру-
шылық- ізденістік
Балалар сендерді қиял әлеміне саяхатқа шақырамын.
Олай болса «табиғат» - сөзін естігенімізде көз алдымызға не елестейді?
"Жүйелік жақындау әдісі" бойынша әңгімелеу.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: