Алтын заңым-ардағым

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

аралайды. (жайлап әуен ойнап тұрады)
Күй:Балалық шаққа саяхат. (А. Еңсепов)
Экскурсовод:Ал,балалар алдымен мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Ұқсайды шеңберге,
Қабырғасы жиылып,керіледі.
Жихазы ке бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
Ол не?
Балалар:-Киіз үй.
Экскурсовод:Дұрыс. Ал сендер киіз үйдің құрылысындағы бөлшектерін білесіңдер ме?
Кереге,уық,шаңырақты (киіз үй сүйектерін)балаларға жақынырақ көрсетеді. Балаларкиіз үй жиналмалы болған. Ата-бабаларымыз жазда жайлауға,қыста қыстауға көшкенде киіз үйді жинап өздерімен бірге алып жүрген.
Дымбілмес:Мен киіз үйдің былай жиналатынын білген жоқпын.
Экскурсовод:Балалар осы киіз үйдің бөлшектері туралы тақпақтар білеміз бе?
Бала:
Мықты болса іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Сонда құт пен береке,
Деп жатады ел неге?
Үй тұрмайды орнығып,
Керілмесе кереге.
Экскурсовод:-Жарайсың. Балалар енді киіз үй ішіндегі мүліктерді атайықшы.
Балалар:Бесік,сандық,қоржын,түскиіз,күбі,тостаған.
Экскурсовод:Балалар бесік не үшін керек?Оны қалай қолданады?
Балалар:Бесікке бөпені бөлеп ұйықтатады.
Экскурсовод:Дұрыс балалар!Кішкене нәрестеге байланысты қазақта көптеген әдет ғұрыптар бар. "Бесікке салу","Қырқынан шығару","Тұсау кесер". Ал сандық не үшін қолданылған?
Балалар:Киім,ыдыс -аяқ сақтау үшін қолданылған.
Экскурсовод:Ал енді балалар қоржын не үшін керек?
Балалар:Қазақ халқы бір қоныстан екінші қонысқа көшкенде заттарды салып алу үшін қолданған.
Экскурсавод: Айтыңдаршы, балалар!Қоржын не үшін керек.
Балалар:Қазақ халқы бір қоныстан екінші қонысқа көшкенде заттарды салып алу үшін қолданған.
Дымбілмес: О,менде де қоржын бар,маған оны бір қария сыйға тартты,мен оған сағыз,пепси,тәттілер с

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: