Алтын заңым-ардағым

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ен салт-дәстүріне қолданылатын заттарын көріп рахаттанып қалдық.
Балалар:Апай,мұражай қызметкерлерінен біздің қыздар қазақтың сәндік әшекейлерін көргілері келеді. Сіздерде бар ма?
Экскурсовод-Әрине,олар сәндік бұйымдар шеберханасында сақталады. Мен қазір телефон шалып көрейін. -Алло бұл шеберхана ма,құрметті зергер ,мұражай қонақтары қазақтың сәндік әшекейлерін көргілері келеді,баруға бола ма?
Зергер:Өте қуаныштымын,келіп көрсін.
Экскурсовод:Зергер сіздерді күтеді,бара берулеріңе болады.
Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе, біздің сәндік бұйымдарды көргіміз келіп еді.
Зергер:Төрлетіңдер,қош келіпсіңдер.
--Балалар,сендер мына бұйымдардың қалай аталатынын білесіңдер ме?Кім айтып береді?
Балалар:Білезік,сақина,сырға,қапсырма,алқа.
Зергер:Дұрыс балалар,қараңдаршы мына заттар қалай әдемі жасалып өрнектелген. Біздің халқымыз әдемілікті дұрыс көре білген. Әдемі заттар болмаса,өміріміз сәнсіз,көңілсіз болар еді.
Тәрбиеші:Біздің балалардың сіздің жұмысыңызғаарнаған тақпағы бар.
Зергер:Кәне тыңдап көрейік.
Бала:
Балқытып ол күмісті,
Сапырады судайын.
Осы жұмыс ырғағы,
Білезік пен алқаны,
Сақинаны,сырғаны,
Күміс сымнан тартады.
Зергер:Жарайсың,рахмет. Балалар мына заттарды мен өз қолыммен жасадым,өрнек салуға үлгермей жатырмын. Сендер маған көмектесіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші:Біздің балалар ұйымдастырылған оқу қызметінде мұндай жұмыстарды орындаған. Камзолды,көйлекті оюлармен өрнектегенбіз. Қане балалар ою-өрнектердің атын атайықшы.
Балалар:Қошқар мүйіз,бота мойын.
Тәрбиеші:Дұрыс,енді балалар бәріміз отырып зергерге көмектесейік.
(балалар білезікке ою жапсырады)
Зергер:Жарайсыңдар,бәрің өнерлі екенсіңдер. Рахмет сендерге,талаптарыңа нұр жаусын.
Дымбілмес:Зергер аға!Мен де жақсы ө

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: