.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халықпыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
--Балалар,бүгін бізде ерекше күн. Қане балалар шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шебері.
Бір шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз,
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Тәрбиеші:
--Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:
--Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші:
--Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Балалар:
--Тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші:
--Жарайсыңдар балалар. Біздің елбасымыз кім?
Балалар:
--Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
--Балалар біздің ұлтымыз кім?
Балалар:
--Қазақ.
Тәрбиеші:
--Дұрыс айтасыңдар,біздің ұлтымыз қазақ . Өз дәстүріміз,салтымыз,ата заңымыз бар.
Балалар бізде ұлттық ою-өрнектер,ұлттық ойындар,ұлттық бұйымдар,ұлттық аспаптар,ұлттық тағамдар,ұлттық киімдеріміз бар.
Қане балалар осыларға кішкене шолу жасау үшін мұражайға саяхат жасайық.
Мұражай дегенді қалай түсінеміз,Кім біледі?
Бала:
--Мұражай дегеніміз ата-бабалардан қалған мұра заттарды сақтайтын орын.
Тосын сәт:Залға Дымбілмес жүгіріп кіреді.
Дымбілмес:Балалар сендер қайда барасыңдар?
Балалар: Біз мұражайға саяхат жасауға барамыз.
Дымбілмес:О-о менің де мұражайға барғым келеді. Мен ешқашан мұражайды көрген емеспін.
Тәрбиеші:Жақсы,онда бізбен бірге жүре ғой,балалар әндетіп мұражайға бет бұрады.
Ән:
(Балалар мұражайға қарай жақындайды,экскурсоводпен амандасады).
Тәрбиеші:Апай біздің балалар ата-бабаларымыздың тұрмысына,әдет-ғұрпына қолданған заттармен танысуға келді.
Балалар экскурсоводпен мұражайды
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>