ШығысҚазақстаноблысы Семей қаласы
" 27 жалпы орта білімберетінмектебі" КММ-нің
қазақтілі мен әдебиетіпәнініңмұғалімі
ШинжинаЛяйляТурсынгалиевна
Қазақтіліапталығынабайланыстыөткізілгенсыныптантысжұмыс
"Алтын қақпа" зияткерлікойыны
Ойынныңмақсаты:
Білімділік:оқушылардың пән бойынша алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық:оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелілік: оқушыларды Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті.
Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, бүгінгі "Алтын қақпа" интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар! Біз бүгін "Қазақ тілі" апталығы аясында 6 "В"сыныбы оқушыларымен сайыс өткізбекпіз. Елбасының "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" деген сөзін басшылыққа ала отырып, бірінші топты "Болашақ", екінші топты "Зерделілер" деп атадық. Ал енді ойынға қатысушылармен таныс болайық ( қатысушыларды таныстыру).
ІІ. Ойынның шарты:
- Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз Қазақстан, туған жер, мемлекеттік тіліміз туралы білетінімізді ортаға салу. Ал бұл ойынның мақсаты - Отанымыздың жүрегі, бас қаласы - Астанадай алыс жердегі "Алтын қақпаға" жету. Ондағы алтын сандықта "Білім" деген қазына бар. Сол "Білім" қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Ойын төрт кезеңнен тұрады.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>