Алтын қақпа

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

н . . . (отбасынан) басталады.
6. Ел іші алтын . . . (бесік).
7. . . . (Дос) сыртыңнан мақтар,
. . . (Дұшпан) көзіңе мақтар.
8. . . . (Досы) көпті жау алмайды.
9. Күлме . . . (досыңа), келер . . . (басыңа).
10. . . . (Жүз теңгең) болғанша, . . . (жүз) досың болсын.
11. . . . Ананың көңілі . . . (балада),
Баланың көңілі . . . (далада).
12. Отансыз адам - ормансыз . . . (бұлбұл).
ІІ кезең - "Күміс қақпа". "Жаңылмай айт"
Оны ашу үшін жаңылтпаштарды жаңылмай айту керек.
Көк тырна
Көп тырна
Тыраулап тек
Көп тұрма.

Көпебайдың Көпені,
Көп ішеді кофені.
Көп ішеді кофені,
Көпебайдың Көпені.

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті

Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.

Көже пісті
Көжені неше кісі ішті?
Нешекесеішті?

Есетатаметасатар,
Етасатса, бес асатар.

ІІІ кезең - "Алтын қақпа". "Кім көп біледі?"
-Балалар, міне, Астана қаласында орнатылған Тәуелсіздік нышаны - "Мәңгілік ел" қақпасына да келіп жеттік. Біздің үшінші кезеңіміз "Алтын қақпа" деп аталады. Бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі алда - "Білім" қазынасы.
Жұмбақтарды шешу:
1. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
2. Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
(білім)
3. Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбсшысы.
(мұғалім)
4. Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі.
(денсаулық)
5. Өшірді, сүртті
Өзгені құртты
Өзін де құртты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: