Алтын қақпа

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

(өшіргіш)
6. Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап.
(дәптер)
7. Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
(кітап).


8. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш)
-Міне, мақсатымыз "Білім" қазынасына жету болса, Алтын сандықтағы қазынаға да жеттік. Ал, енді "Алтын сандықты" ашайық.
Онда мынадай тапсырмалар бар:
1. Септіктердің сұрақтарын атаңыз.
2. Тәуелдік жалғау нені білдіреді?(Бір заттың екінші бір затқа тәуелді, мншікті екенін білдіреді).
3. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?(Көршілес дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етуі немесе дауысты дыбыстың дауыссыз дыбысқа әсер етуі)
4. Буын түрлерін айтыңыз.
5. Мағынасына қарай сын есім нешеге бөлінеді? (екіге-сапалық, қатыстық)
6. Сын есімнің шырайларын ата. (салыстырмалы, күшейтпелі)
7. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? Қандай?(екіге бөлінеді:ілгерінді, кейінгі ықпал)
8. Етістіктің неше шағы бар?Қандай?(3 шағы бар:осы, келер, өткен шақ)
9. Бата деген не?(игі тілек, алғыс)
10. Достың жақсы қасиетін ата. (жаны таза, адал, қол ұшын беруге дайын, мейірімді)
Ойынды қорытындылау:
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстанды 2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар"деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.
Бүгінгі зияткерлік сайысқа қатысқан топтарды марапаттасақ. (Жеңген топты марапаттау).
Оқушыларға жақсы тілек тілей отырып, ойынды аяқтау.




















Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: