Алтын адам туралы аңыз

Страницы: 1 | 2  >  >>

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы 4 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Пәні:Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Алтын адам туралы аңыз
Сабақтың мақсаты:
Мәтін мазмұнын түсініп оқу, тарихи шындыққа қысқаша шолу жасауға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтіндегі кейіпкерлер заманын түсінуге жағдай туғызу, оқушының қызығушылығын арттыру арқылы оқиғаны әрі қарай ізденіп оқуға жағдай туғызу,
Жүйелі іс- әрекет нәтижесі: зерттей оқу арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу.
Тұлғалық нәтиже: оқуға құмарлықтарын арттыру, жазуға, басқаның ойына құрметпен қарауға , жанындағы адамдарды таңдай білуге үйрету.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: "Симантикалық карта" стратегиясы, топтастыру, жек жұмыс, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Алтын адам туралы деректер, энциклопедиялық анықтамалық,тақта, плакат, маркерер, т. б
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту:
- Балалар, "алтын" , "күміс" адам болады дегенге сендер қалай қарайсыңдар.
Оқушылар пікірлерін "келісемін. келіспеймін" кестесіне жазады.

Келісемін
Келіспеймін


2. Мағынаны тану:
Автормен, тақырыппен таныстыру.
Қысқаша мәлімет әр топқа жеке тапсырылады. Мәтінді оқи отырып кестені толтырады.
Алтын Адам - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 - 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған.
Ал

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: