Алаш тақырыбы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

13:51
Тарихи-мәдени құбылыс ретінде ХХ ғасыр басындағы алаштық идея - сол тұстағы қазақ ойының қай саласында болмасын зор ықпал жасағаны баршаңызға белгілі болса керек. Бұл байлам, әсіресе, қазақ көркем ойының аталған кезеңдегі даму бағыты мен сипатына әбден қатысты. Алаштық идея дегеніміз - біздің ойымызша, Алаш қозғалысын, осы қозғалыстың негізінде ұлт зиялыларының басын қосқан, соңы партияның, Алашорда үкіметі мен автономияны дүниеге келтірген, соның нәтижесінде тарихымызда тұңғыш рет белгілі бір саяси бет-бағдары, мемлекеттік құрылымы айқындалған айрықша құбылыс.
Халқымыздың жаңа тарихындағы осындай ірі құбылыс, әлбетте, қоғамдық ойымыздың ең үлкені һәм мейлінше жетілгені - көркем ой саласында соны бағыттың өрістеуіне алып келетіні сөзсіз еді. Сөйтіп, өткен ғасыр басындағы ұлттық алаштық идеядағы әдебиет - сан ғасырлық қазақ әдебиеті тарихындағы жаңа кезең болды.
Толығырақ. . . Пікірлер (260)
Дулат Аманжол. Бір ғасыр. . .

Алашорда
04. 12. 2012 13:43
13 желтоқсан - қазақ тарихындағы айшықты һәм айрықша күн! Азаттықтың бастауы болған Алашорда ұлттық автономиясының құрылған күні! Бес жылдан кейін ұлттық мемлекеттің үлгісіндей болған Алашорданың құрылғанына бір ғасыр толмақ. Алаштың арман-аңсары - бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Республикасы екенін естен шығармауымыз қажет!
Таяуда "Жас қазақ" газетінде (30 қараша, 2012 жыл) белгілі ғалым, профессор Мәмбет Қойгелді Алашордаға қатысты мәселені әуесқойлық, конъюнтуралық деңгейде емес, шынайы жанашырлық деңгейде көтеруге ынталы саясаткерлерге кеңес берді. "Егер сіздер бұл мәселені қолға алуға ықыласты болсаңыздар, онда алаш қайраткерлеріне байланысты 1927-1932 жылдар аралығында жүрген сот істерінің материалдарын жарыққа шығаруға көмектесіңіздер. Ол материалдарды іздеп табу

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: