цент Қабылсаят Әбішов филология ғылымдарының докторы, профессор Нартай Жүсіпов қатысты.
Алқа мәжілісі барысында М. Қойгелді деректі материалдарды алға тартып, Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық және мемлекеттік қызметі жайлы баяндама жасады. Қайырбек Садуақасов "Ә. Бөкейхановтың ұрпақтары: кеше және бүгін" тақырыбына ден қойған екен. Жамбыл Артықбаев "Ә. Бөкейханов және қазақтың ауызша тарихының мәселелерін" баян етті. Сондай-ақ, ғалымдар ұйымдастыру комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековке өз алғыстарын жеткізді.
Толығырақ. . . Пікірлер (2)
Рымғали Нұрғали. Алаштың бас шығармасы
Алашорда
07. 12. 2012 15:47
Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы "Абай жолы" романында жүзеге асты.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған "Абай жолы" роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Дегенмен, ескі жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы сырларын, дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-әңгімелерді даланың жезтаңдай, ескі көз, құймақұлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың құбылтып жеткізген болатын. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары - Әйге
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>