үшін. . . "жер шарының түпкір-түпкірін" аралаудың қажеті жоқ, олар өзіміздің ҰҚК-нің мұрағат қорларында жатыр"-дейді алаштанушы.
Толығырақ. . . Пікірлер (1)
Зарқын Тайшыбай. ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ІЗІ ҚАЛҒАН. Ахмет Байтұрсынов Қарқаралыдан Қуға жиі келіп тұрушы еді
Алашорда
02. 12. 2012 16:15
Ахмет Байтґрсыновтың өмiрiнде Қарақаралы, Қу аймағының белгiлi дәрежеде iз қалдырғаны мәлiм. Ахаңның ағартушы, ұлт бостандығы үшiн күрескер азамат болып қалыптасуы Қарқаралы топырағынан басталған десек те артыј болмас. Алайда Ахмет Байтұрсыновтың өмiрбаянын жазушылар оның 1909 жылдың жазында Қарқаралыда тұтқындалғанын ғана айтып өте бередi.
Бiздiң қолымыздағы мұрағат материалдары осы бiр аласапыран кезде Ахаңның өмірбаянын толықтырып, басынан кешкен оқиғаларды жаңғыртуға себi тиер деп ойлаймыз.
Жалпыға мәлiм, 1905-1907 жылдарда Ресейде монархияға қарсы өршiген күрестiң нәтижесiнде патша 17-қазан манифесiн шығаруға мәжбүр болды. Бұл құжатта азаматтың бірнеше баптан тұратын бостандықтары жарияланды. Осылайша, билiк тiзгiнi босап, Ресейдің өзінде ғана емес отар елдерге де азаттық таңы қылаң бергендей едi. Қазақ көсемдерi Манифестiң мазмұнынан өздерi көксеген ел тәуелсiздiгiнiң сәулесін көріп, отарлық езгiге қарсы күреске батыл кiрiстi.
Қыр өлкесiндегi толқулар Үкiметтi қатты алаңдатты. Патша жандармдары қазақ оқығандарынан қатты қауiптендi. Қазақтың мынадай ұлан-байтақ жерінен, оның асты-үстi толған байлығынан айырылып қалмас үшiн ел азаматтарын мақсатты түрде қуғындау шаралары ұйымдастырылды. Жақып Ақбаевтың қазақ құқы үшін басын қатерге тігіп, Ресей патшалығына қарсы ашық насихатқа белсене шыққан кезі осы.
Толығырақ. . . Пікір алмасу
Дихан Қамзабекұлы. Алаш қозғалысы және ислам құндылықтары
Алашорда
02. 12.
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>