здік, ешкімге бодан болмай дербес ел болу идеясы. Сол арқылы халық өзінің намысын, биік мәртебесін қорғаған. Мұның тегі арғы түрік мұраларынан бастау алатыны даусыз, "Күлтегін" жырында кездесетін "әкеміз, ағамыз құрған халықтың атақ-даңқы өшпесін деп, түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым" - деген сөздер сол халық мүддесі жолына өмірін арнаған, жанын да қиюға дайын батырдың монологы. Осы ұлт мүддесі үшін ол сыртқы жаумен алысады, елінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға тырысады.
Таза қазақтың әдебиеті туған кезде де, хандық дәуірде бұл идея үзілген де, бәсең тартқан да емес. Бұқар жырау өзінің тілек өлеңінде "Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмауды", "Алпыс басты ақ орда, Ардақтаған аяулың, Күнінде біреуге тегін олжа болмауын" тіледі. Мұның бәрі сахарадағы көшпелі елге көз тіккен сырткы көршілерден сақтаудың, тәуелсіз болу үшін керек бірлік пен ынтымақтың сөздері болатын.
Толығырақ. . . Пікірлер (297)
Алаш зиялыларының еңбектеріндегі ұлттық психобейне және ғылымтаным заңдылықтарының көрінісі
Алашорда
28. 11. 2012 13:08
Алаш, қазақ сөздері синонимдік ұғымдарды білдіреді. Бірақ Алаш ұғымында саяси реңк те бар. Сол себептен Алаш сөзі қазақ сөзінің синонимі бола тұрып, саяси қозғалыстың да, саяси партияның да атауы болып қалыптасқан. XX ғасырда Алаш сөзі қазақ тарихына, жалпы түркі және әлем тарихына осы екінші ұғымында таралған.
Алаш ұғымына деген көзқарас өткен ғасырда екі түрлі болды:
1) Ұлтшылдар, пантюркистер, кеңес мемлекетіне қарсы болған қазақ зиялыларының партиясі, үкіметі. (Мұндай түсінік кеңес дәурінде кең таралды да, мемлекеттік саясаттын бір тармағы болды);
2) Қазақ халқының тәуелсіздігін, қазақ жерінің, мемлекетінің, тілінің, мәдение
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>