Алаш партиясыy- 100 жыл
Алаш партиясы -- қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 -- 20). 20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған А. п-ның өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экон. , саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті.
Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында (1905 -- 07) қолға алды. 1905 жылғы 6 тамыздағы Мемл. Дума құру жөніндегі патша манифесі басқа ұлттармен бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қоғамдық үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды. 1905 жылдың соңына қарай Орал қ-нда өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі "Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын" құру туралы шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар "Фикер" (Пікір) газетінде жарияланды (1905, 25 желтоқсан, 5).
1906 ж. 10 маусымда Семей қ-нда Мемл. Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтіп, Ә. Бөкейханов жиналғандарды "Халық еркіндігі" (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады ("Семипалатинский листок", 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеум. бағдары, белгілі дәрежеде, ресейлік радикалдық-бурж. партия -- кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірақ осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұрат
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>