Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет - ғұрыптарын терең білетіндіктен Ахмет Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда маған көп жәрдемдесті, тамаша екі күйді, тіпті, өзі орындады,-деген екен музыка зерттеушісі Александр Затаевич.
2 - жүргізуші.
" Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Жүрекке толы ой салар,
Әнді сүйсең мендей сүй" деп, келесі кезекті кешіміздің ән - би шашуына береміз.
(ән немесе би)
І жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов атамыз сол қиын заманның өзінде бүгінгі күннің талаптарын көре білген, қандай керемет десеңізші! Қарашы, мына бір өлең жолдары
Қазағым елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сыйқың? - дейді, тұнып тұрған асыл сөз ғой. . .
І жүргізуші: Ендеше әдеби кешіміздің "Ахмет Байтұрсынов - ақын" атты соңғы бөліміне кезек бере отырып сахна төріне ақындық өнерге жақын жүрген оқушыларымызды шақырамыз.
(Ән)
( Әдеби кешке қатысқан барлық оқушы сахнаға шығады)

1 - жүргізуші. Қымбатты білім сүйер қауым, Сырбай Мәуленов ақынымыз айтқандай "Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама" Ахмет Байтұрсынов атамыздың мерейтойына арналған әдеби кешіміз өз мәресіне келгендей.

2 - жүргізуші.
Ахмет атамыздың өзі айтқан " Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу - адамшылық ісі" деген сөзімен сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше демекпіз.

--
Конец формы
--
Начало формы
--
Конец формы
--
Начало формы
--
Конец формы





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: