Сабақтың тақырыбы: "Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы"
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері: Абдрахманова Айгүл Ертайқызы, Сердалиева Жазира Киікбайқызы.
8 - 10 сынып оқушылары қатысады.
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы.
(Ахмет Байтұрсынов атамыздың 145 жылдық мерейтойына байланысты әдеби кеш)
Жұмыс жоспары:
Үш бөлімнен тұрады.
І. Ахмет Байтұрсынов - ғалым.
(ғылыми еңбекетері, мақалары мен зерттеулері негізінде)
ІІ. Мысалмен айтқан көп ойлар.
(аудармалары мен мысалдары қақында)
ІІІ. Ахмет Байтұрсынов - ақын.
Қарқынды әуен. Осы әуен үнімен сахнаға екі жүргізуші шығары.
1 - жүргізуші. Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар!
2 - жүргізуші. Бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған
(1 - 2 жүргізуші бірге)
"Ахмет Байтұрсынов тағылымы" атты әдеби кешке қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны ерекше зор тұлға. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақ халқының "рухани көсемі" болған Ахмет Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.
I жүргізуші: Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйес
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>