Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

езіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын, аударма жасау дәстүріне де мойынсұнады.
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып, қоқырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,
Жүргенде қамыт басып, қажып - талып.

2 - жүргізуші. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма - мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы - жан - жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов түындыларын аударып "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарады. Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады.

1 - жүргізуші. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

ІІ - жүргізуші. Аудармаларында мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп - төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соңғы пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.
І жүргізуші: Ендеше кешіміздің "Мысалмен айтқан көп ойлар" атты екінші бөліміне кезек берейік. Ахмет атамыздың мысалдарынан көрініс көрсету үшін сахна төріне 8 сынып оқушыларын шақырамыз. (аудармалары мен мысалдары қақында болады)

І жүргізуші: Осы жерде айта кетейік, Ахмет Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол - жақсы домбырашы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: