Агрессиялы мінез-құлыққа арналған сабақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің педагог-психологы Нуржанова Сапура Пирбаевна
Агрессиялы мінез-құлыққа арналған сабақ.
Мақсаты: Сыныпта жағымды қарым-қатынас орнату. Бір-бірін сыйлауға дағдыландыру. Рухани қуатымен дене қуатын сақтауға, агрессиялық жағдайда көмектесетін әдістерді тиімді пайдалануға бағыттау.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, шар, А4 парағы, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.
Тренинг барысы:
1. Амандасу
2. Диагностика. (Сабаққа белсенділіктерін анықтау).
3. Қар жауды жаттығуы.
4. "Бірігу" жаттығуы
5. "Бір-бірімізді қолдаймыз" тренингі.
6. Негізгі бөлім.
Кіріспе
Балаларды шеңберге шақырып, барлық жаттығуларды орындап болған соң тұрған қалпында топқа бөліп, яғни қыс, жаз, көктем, күз мезгілдері бойынша бөліп отырғызу.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы тақырыптың мағынасын ашып алу.
Агрессия сөзін қалай түсінесіңдер?
Қандай кездерде адамда агрессиялылық пайда болады?
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Нақты мәліметтермен таныстыру.
Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз: "Жағымсыз қатынас туғызатын ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл күш салу, зиян келтіру əре-кеті ретінде түсіндіріледі". Жалпы "агрессия" термині күш салу, күш жұмсаумен байланысты əрекеттерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. " Агрессия" сөзі "aggredi" деген латын сөзінен пайда болған, оның аудармасы шабуыл жасау немесе тиісу деген мағынаны береді, дәлірек айтқанда адамдарға қарсы бағытталған мінез-құлық агрессия деп аталады. Агрессия түсінігіне формасы мен нəтижесі бойынша əр түрлі əрекеттер біріктіріледі, соның ішінде орынсыз əзіл-қалжың, өсек, нұқсан келтіру ойларынан бастап, кісі өліміне дейін. Өшпенділік неғұрлым тар ма

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: