Ғажайып саяхат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

>-Дұрыс айтасыңдар. Біздер балалар барар жерге поездбен барамыз. Поездға міну үшін не керек?
-Ал , билетті кайдан аламыз?
-Барлығымыз бару үшін неше билет керек болады?
-Дұрыс. Ендеше, билетті кассадан алып поездға отыру үшін мынадай тапсырманы орындауымыз қажет.
Дидактикалық ойын: «Поездға билет»
(Шарты: тәрбиеші үстелінен конверт таңдалып, ішіндегі суретте бейнеленген нәрселер айтылады)
- Жарайсыңдар! Балалар, кеттік ендеше.
Поезд жүрісінің дауысы естіледі.
Поезд тоқтап, өзеннің сылдырының дауысы естіледі.
-Балалар, біздің поезд тоқтап қалды. Қане, не болғанын көрейікші. Қараңдаршы, бұл өзен ғой!
-Балалар, өзеннің түсі қандай?
-Не істеймі? Ергежейліні үйіне жету үшін, өзеннен қалай өтсек екен?
Шынашақ бала: Өзенде көпір болған, оны жел бұзып кеткен. Көпір салсақ қалай болады?!
(Қалған балаларды отырғызу)
-Дұрыс. Көпірді салу үшін бізге өзен жағасында жатқан геометриялық пішіндер қажет болады.
Дидактикалық ойын: «Көпір салайық»
Шарты: тақтаға суреттер ілінеді. Суреттегі нәрсе қай пішінге ұқсаса, сол пішінді тауып өзен бетіне көпірді құрастырамыз.
-Бұл ненің суреті?
-Қандай пішінге ұқсайды?
-Түсі қандай?
Көпір тұрғызып, әрі қарай жолға шығады.
-Өзеннен өттік,алақай!
Сергіту сәті.
Секірейік, секірейік
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды басайық,
Сонда болар тамаша!
-Балалар , біз сендермен бірге гүлдер алаңына келген сияқтымыз!Гүлдер жайқалыпты, әсемдік деген осы, ия, балалар! Қане, барлығымыз құшағымызды кең жайып таза ауаның иісін иіскейікші.
Слайдтан гүлдер алаңын көрсету.
-Гүлдер қандай әдемі?! Балалар гүлдердің түстері қандай?
-Гүлдер бізге не үшін керек?
-Оларды басып, жұлып тастауға бол ма?
ü

ª
ô
ú
ü
4

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: