Ұйымдастырылған оқу іс-әреретінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ғажайып саяхат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: аралас, қайталау ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық», «Денсаулық». 
Мақсаты: а) Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, 3-ке дейінгі сандарды қайталау; ә) Шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру; б) басына қиындық түскенге әрқашан көмек көрсету керек екенін түсіндіру; табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту. 
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойындар, тыңдау, көрсету. 
Көрнекі-құралдары: интербелсенді тақта, слайд, ,үлестірмелі материалдар, конверттер,плакат, суреттер, сандар, геометриялық пішіндер,музыка. 
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҰйымдастыру. 
Шаттық шеңбері:
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн келді. 
Қайырлы таң,балалар,
Күліп атты таң бүгін. 
-Кәнекей, балалар, бүгінгі күнге жақсы тілектерімізді арнайық! Қандай жылы сөздер айтамыз?!Балалар мұғаліммен амандасады. 
Шаттық шеңберіне тұрады. 
Бір-біріне жақсы тілектерін айтады:
-Бүгінгі күн жақсы өтсін!
-Сәтті күн болсын!
-Жақсылық көп болсын!
-Аман болайық! т. б
Ұйымдастырушылық-ізденістікКөп адамдардың ерсілі-қарсылы жүрген поезд бекетінің, поезд жүрісінің дауыстары естіледі. Кенет жылаған кішкентай баланың дауысы шығады. 
-Ой,балалар естимісіңдер, біреу жылап жатқан сияқты. 
-Сәлеметсің бе , балақай! Саған не болды, неге жылап отырсың?
Шынашақ бала: Мен ойнап жүрген едім. Кенеттен қатты жел соғып мені ұшырып әкетті. Енді үйіме қайта алмай жылап отырмын. 
- Балалар біз ергежейліге көмектесеміз бе? Ендеше, балалар, барар жерге тез жету үшін не керек бізге,айтыңдаршы,?
		
		
Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
		
		
	    
	
    