"Ғажайып ертегілер әлемінде"
ұйымдастырылған оқу қызметі
Тәрбиеші: Батай А. Т.
Нұр-Сұлтан
Білім беру салалары: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу қызметтері: "Драма"
Тақырыбы: "Ғажайып ертегілер әлемінде"
Мақсаты:
Ертегі мазмұны бойынша ертегіні сахналай білуге үйрету. Балалардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттері арқылы кейіпкерлердің сөздерін дұрыс, мәнерлі айтуға қалыптастыру,сөздік қорларын молайту,балалар бойында театрға деген қызығушылықты және өзін ұстау мәдениеттілігіне тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау,сахналау, лекотека даму орталығы, құм-терапиясы,қабырға суреттері арқылы тілге бойлау.
Билингвальды компоненттері: Дәуіт-богомол,қарлығаш-ласточка,жылан-змея. қарға-ворона, көкек-кукушка
Тәрбиеші:-Сәлеметсіздерме,балалар!
Балалар,байқаймын көңіл-күйлерін тамаша секілді. Ендеше барлығын маған қарай жақындандар?
-Қол ұстасып, кәне,
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге.
Тәрбиеші: -Балалар, біздің айналамызды қоршаған әлем қызыққа толы. Мен сендерді мына суреттерге назар аударып, суреттерде нелер, кімдер бейнеленгені туралы айтып берулерінді сұраймын?
Балалар жауабы:-Мынау-қызыл телпек,ал мынау-Түлкі мен тырна,Алдар көсе.
Тәрбиеші: -Жарайсындар,ал бұл кейіпкерлерді біздер қайда кездестіреміз?
Балалар жауабы: Ертегілерде.
Тәрбиеші: -Ендеше балалар, мен сендерді,"Ертегілер және ертегілер кітаптары мұражайына " шақырамын.
/Әдемі әуен орындалады/
Балалар ішке кіреді.
/Мұража
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>