Ғажайып ертегілер әлемінде

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ш құсы бір жардың қуысына ұя салады. Балапандарыңа азық әкелмекші болады. Сол кезде ағаштан ұяға қарай жылан өрмелеп, Қарлығаштың балапандарын жемекші болады.
Қарлығаш балапандарын жыланнан қорғамақ боп шыр-шыр етіп көмек іздейді. Не істерін білмеген соң, ол ұшып Көкекке барады.
Қарлығаш: Көкек, көкек, жылан балапандарымды жемекші, көмек берші!-деп шырылдайды.
Көкек болса: "Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ дейді"
Қарлығаш одан ұшып Қарғаға барады.
Қарлығаш: "Балапандарымды жылан жемекші, Қарға көмектесші-дейді
Қарға: "Үйленейін деп жатқанда мазамды алма"-деп жауап береді.
Қарлығаштың амалы таусылып не істерін білмей ұшып келе жатады. Бір кезде Дәуітті көреді.
Дәуіт Қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп: "Достым, не болды?"
Қарлығаш: "Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы"-деп көз жасын төгеді.
Сол кезде Дәуіт: "Олай болса жеткіз мені тезірек"-дейді.
Қарлығаш қанатын тосады: Дәуіт жотасына шығып алады.
Көзді ашып -жұмғанша ұясына жетеді. Жылан ұяға жақындап қалған екен.
Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді.
Жылан жерге сылқ етіп, мерт болады.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген Қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтседе екеуі бірге тұрып, бірге өмір сүреді екен.
Тәрбиеші: -жарайсыңдар,кәне барлығымыз тамаша қуаныш шаттығына тұрайық,бүгін "кішкентай әртістер" болып тамаша кейіпкерлер кейпіне кіріп, біздерге керемет ертегіні көрсете білген достарымызға көп-көп рахмет
Балалар қол шапалақтайды.
-Ал, ең жақсы көрермендер бола білген көрермен достарымызға да үлкен қошемет. Қол шапалақтау.
Сол себепті, балалар мен сендерді, "Жұлдызды құмдар" даму орталығына шақырамын.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: