Аңдар

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

гідегі оқиғаның бел ортасында жүретін және оқиғаның дамуына түрткі болатын – кейіпкерлер. Кейіпкерсіз оқиға жоқ. Олай болса, кейіпкерлерін атаңдар.
Оқушылардың жауабы:
Шал мен кемпір, балық, жендеттер.
Енді кейіпкерлерже қандай мінез бар екенін білу үшін ертегі құрылысына талдау жасайық.
ІІІ. Дидактикалық кезең. Ертегі құрылысына талдау.
Оқушы ертегінің композициялық құрылымын және мазмұнын қысқаша айтып береді.
Ертегіден сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлемдерді тауып, ауызша талдау.
«Ақымақ, дейді, - алжыған, кеткен есің.
Былжырап айтып тұрсың, сөз деп несін?
Жаңа астау, тым болмаса, алсаң едің,
Астаудың жарылғанын білмеймісің?» сұраулы сөйлем.
«Алжыған, миы ашыған, қу көк сақал!
Көп нәрсе әкеліпсің, адырағал!
Үйіңнің үстіндегі сиқы мынау
Балықтан барып тәуір үй сұрап ал!» лепті сөйлем.
«Биік үй салтанатты, сәнді түрі,
Бәрі мол, бәрі байлық, бәрі ірі.
Үстіне неше түрлі асыл киіп,
Паңсынып сыртқы есікте тұр кемпірі. – хабарлы сөйлем.
IV. Сахналық көрініс.
Өмір – сахна, адам – актер. Шал мен кемпір және балық арасындағы диалогті оқушылардың өнерлері арқылы тамашалайық.
V. Ой қозғау.
Неге осы үзіндіні алдыңдар?
Оқушыларды жауабы:
А) екі кейіпкердің осы үзіндіде мінездері, іс-әрекеті айқын көрінеді.
Ә) кемпірдің қанағатсыздық қасиеті осы үзіндіде жақсы танылып көрінеді.
Б) шалдың аз болса да кемпіріне қарсылық көрсетуі көрінеді.
Ертегі немен аяқталды?
Қараса, лашығында кемпір отыр,
Баяғы жарық астау жырық-жырық.
Түсіріп таз кебіне бір-ақ күнде
Қойыпты қу қақпасты құдай ұрып.
Адамның мейірімділігі, парасаттылығы, инабаттылығы, адамгершілігі сияқты асыл қасиеттер үлкен жүректен шығады. Не себепті балық кемпірді жыр

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: