тық астаумен бұрынғы кедей қалпына түсіріп тастады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өздерінің ойларын үйде салып келген жүрекке жазады.
Жауабы: Алтын балық кемпірді бастапқы қалпына түсіріп тастауының себебі – оның астамшылдығы, астан шыққан қанағатсыздығы. Адам бойындағы осындай қасиет жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан адам әр кезде қолында бар нәрсеге қанағат тұту керек.
Алтын балық кемпірді жыртық астауымен бұрынғы кедей қалпына түсіруі, кемпірдің әділетсіз іс-әрекеті, парықсыздығы мен қанағатсыздығы.
VI. Сабақты қорыту. Адам қолда ар нәрсесіне қанағат тұту керек. «Қанағат – қарын тойдырар» деп халық бекер айтпаған. Осы «Балықшы мен балық» ертегісін оқығанда, жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жирендік. Олай болса, әрбір жазушы өз шығармаларында балаларға тәрбие беретін мәселелерді қозғайды және ой салады.
Үй тапсырмасы: А. С. Пушкиннің басқа да ертегілерін оқу және «Балықшы мен балық» ертегісіне байланысты сурет салу.
Бағалау.
Сабақ 23 күні:
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Ерте келген тырналар»
Сабақтың мақсаты:
Ақын шығармаларының тақырыбын, идеясын ашу, шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу;
Міндеттері:
1. Ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысады.
2. Шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттай алады.
3. Топтағы жұмысты ұйымдастырады, жұмыс нәтижелерін көрсете біледі.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгеру
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО әдістері
Сабақ жабдықтары: ақын портреті, бүктемелер, шығармалар жинағы,
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, сабаққа зейіндерін аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
INSERT кестесі бойынша үй тапсырмалары сұралады
БілдімБілемін
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>