3. Композициялық талдау
Р/сЕртегінің композициялық элементтеріКомпозициялық жоспарЕртегідегі көркемдеуіш құралдар
1Оқиғаның басталуыШал мен кемпір
2Оқиғаның дамуыШалдың теңізге барып, балықпен кездесуіАлтын балық – эпитет; оттай, адамша, шыбындай – теңеу.
3Оқиғаның шиеленісуіКемпірдің жаңа астау әкел деп бұйрық беруіҚу көк сақал, ағаш үй, биік үй, алтын жүзік, саптиялы оюлы етік - эпитет
4Оқиғаның шарықтау шегіКемпір теңіз патшасы болдырсын деп әмір беруіТүсі суық малайлар, алтын тақ, қара бұлт, қара дауыл - эпитет
5Оқиғаның шешіміКемпірдің бұрынғы кедейлік қалпына келуіЖарық астау, қу қақпас – эпитет
IV. Сабақты бекіту
«Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өзіне ұнаған үзіндіні қолданып, не себепті осы үзіндіні алғанын түсіндіру
Мәтіннен үзіндіНе себепті таңдадыңыз?
V. Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
А. С. Пушкин туралы не білесіңдер?
Орыс әдебиеті пәнінен қай шығармасымен таныстыңдар?
Ертегіден қандай әсер алдыңдар?
VI. Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқу. Пушкин мен Ахмет шығармаларын салыстырыңдар.
VII. Бағалау
Сабақ 21-22 күні:
Сабақтың тақырыбы: А. С. Пушкин. «Балықшы мен балық»
Қанағат –асыл қасиет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: өз ойын мақал-мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.
Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан
Страницы: << < 24 | 25 | 26 | 27 | 28 > >>