п көрейік.
«Автор орындығы» оқушы ойларын ауызша сұраймын.
VI. Үйге тапсырма
Шығарманы толық оқып, мазмұндау.
VII. Бағалау
Сабақ 20 күні:
Сабақ тақырыбы: А. С. Пушкин «Балықшы мен балық»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды әлем әдебиетімен таныстыра отырып, орыс жазушысы А. С. Пушкин шығармашылығымен таныстыру
Ой-өрістерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту
Қазақстанның көпұлттылығын айта отырып, әлем әдебиетіен сусындату. Қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының орыс әдебиетінен аудармалар жасағандығын оқушыға жеткізу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: А. С. Пушкин портреті, кітаптары, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
II. Үй тапсырмасын сұрау
Д. Дэфо өмірі мен шығармасын сұрау.
Сұрақ-жауап алынады.
III. Жаңа сабақ
А. С. Пушкин 1799 жылы 26 мамырда Мәскеу қалсында дүниеге келген. Александрдың әдебиетті сүюіне үйіндегі бай кітапхананың әсері көп болды. Табиғатында жуас, ойшыл бала оңаша қалып, кітап оқығанды жақсы көреді екен. Александр Пушкиннің отбасы, олардың ақындармен қарым-қатынасы француз тілін жақсы үйренуге, театрмен және сол кездің атақты ақындарымен жақсы таныс болуға мүмкіндік береді. А. С. Пушкин бала кезінен тіл мен өнер таиғатының ортасында өседі. А. С. Пушкиннің шығармалары дүние жүзін шарлады. Оның лирикасын, ертегілерін оқымаған адам кемде-кем. Бүгінгі өтетін «Балықшы мен балық» шығармасын қазақтың ақыны Ахмет Байтұрсынұлы аударған. Ертегіні теледидардан көрген боларсыңдар. Ертегіде адам бойындағы қанағатсыздық, астамшылық т. б қасиеттерді ашып көрсетеді.
1. Оқушыларға тізбектей оқыту.
2. Сөздікпен жұмыс
Страницы: << < 23 | 24 | 25 | 26 | 27 > >>