экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж. ).
Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.
Бүгінгі танысатын шығармамыз «Робинзон Крузо»
Қысқаша мазмұнын мұғалімнің түсіндіруі
Мұхиттың бір түпкіріндегі адам аяғы басылмаған жерге Робинзонның тап болуы, өмір сүру үшін жасаған жанкешті әрекеттері туралы жазылған. Ол жерде 28жыл бойы жалғыздықтың жапасын шегеді. Бұл шығарма әлем әдебиетінің озық үлгілерінің қатарына енген.
Шығармаға жоспар құрғызу
1.
2.
3.
4.
5.
Картадан арал, теңіздерді көрсету.
Тұжырым кестесі
КейіпкерІс-әрекетіАдами қасиеттері
IV. Сабақты бекіту
Шығарма туралы деректер оқу
«Робинзон Крузо» романы-көркем шығарма. Көркем шығарма болғандықтан, ондағы оқиғалар автордың басты идеясына байланысты құрастырылып, авторлық көркем шешіммен аяқталып отырады. Сондықтан шығарманы өнер туындысы деп қабылдаймыз. Бүгінгі өткеніміз қысқартылып берілген түрі, яғни теңізшінің бір жылға жуық өмірі ғана берілген. Романның толық нұсқасын оқысаңыздар Робинзонның 28жыл бойы жасаған іс-әрекетіне қайран қалып, сүйсіне оқисың.
V. Сабақты қорытындылау
Енді, балалар, кішкене ойға беріліп, «Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап ізде
Страницы: << < 22 | 23 | 24 | 25 | 26 > >>