АДАМЗАТТЫҚ КҮШТІҢ МАҢЫЗДЫСЫНЫҢ БІРІ – АДАМГЕРШІЛІККЕ ҰМТЫЛУ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

қпалында болып, екінші сатыда құмарлық қасиетіне ие болып, оның жоғары деңгейінде даналық қасиетке жетеді. Ал үшінші сатыда материалдық үш қасиеттен (надандық, құмарлық, даналық) жоғары рухани даналық қасиетіне ие болады.
Қазақстандық қоғамның алдында тәуелсіздігімізді алу, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мен азаматтар арасындағы мейірімділікті, әділеттілікті, өзара түсіністікті, шыдамдылықты құруға мүмкіндік жасайтын құндылықтарды іздеумен айқындалады.
Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білім мен тәрбиесінің жалпы адамзаттық, ұлттық этно мәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуы мен ерекшелене отырып, олардың физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін дамыта отырып, адам баласының өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көптен-көп көмектеседі. Рухани-адамгершілік білім нәрімен сусындаған әрі адам өзін, өзі арқылы өзгені тануда мейірімді, қайырымды, кешірімді, бойында ар, ұят, намыс сияқты қасиеттерді қалыптасуымен ізгі қоғам құруға қатыса алады.
«Адамзаттық күштің маңыздысының бірі – адамгершілікке ұмтылу. Осыдан біздің ішкі тұрақтылығымызбен тіршілік етуіміз басталады. Біздің өмірімізде адамгершілік қана біздің қылықтарымызға әсемдік пен сенімділікті береді. Оны жігерлендіру мен оның мағынасын анық түсінуге көмектесу – білім берудің басты мақсаты» - деп Альберт Эйнштейн айтқандай, келешек ұрпақ бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыта түсуіне ықпал ету – кез келген оқытушының басты мақсаты болып отыр.

Қолданылған әдебиеттер:
1. М. О. Әуезов. «Абайтану дәрістерінің дере сөздері». Алматы «Санат» 1997ж.
2. М. Басшыбаев. / Шығармашылық – уақыт. / Қазақстан мектебі. 9. 1995ж
3. Ш. Беркімба

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: