Ә. О. Ж: 372. 367
Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Педагогика пәнінің оқытушысы
АБАЙ ІЛІМІ – РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ӘЛЕМ
ҚОЙМАСЫНЫҢ КІЛТІ
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Кемел ойлы кемеңгер Абай келешек ұрпақтың да біркелкі емес: тасыры бар, талаптысы бар болып келер ала-құлалы тобын алыстан аңдайды.
Абай – халқымыздың Ұлы Ұстазы, тәлімгер педагогы. Оның өлеңдері мен қарасөздерінің ең басты объектісі – АДАМ, басты мақсаты – Адам тәрбиесі. Адам болғанда да өзі үшін оттаған хайуанның бірі емес адамдар үшін еңбек ететін, ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын жан-жақты жетілген Адам. Адамды адамгершілік тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасын жатқан күрделі мәселе.
Абайдың мұраты – адамды адамгершілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу. Абай өлеңдері мен қарасөздерінде дүниетанымдық, философиялық, әлеуметтік, қоғамдық, этикалық көзқарастары, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлері осыны дәлелдейді. Ол сомдаған, бірін-бірі толықтырып отыратын ұлттық бейнелер халқын бірлікке, еңбек етуге, өнер-білім үйренуге шақырған ұлттық мүддеден туған.
Осы өрелі жолда ұрпақ тәрбиесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, адамгершілік бағытты басты идея етіп ұстанатын данышпан. Абай мұрасынан зор тағылым алуға болады.
«Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан», -
деген ұлы Абайдың үндеуінен сол сүрлеуі жоқ заманның өзінде ұрпақтың жолын ашып, бетін түзеп, адамдық көшіне бастап тұрғаны
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>