АДАМЗАТТЫҚ КҮШТІҢ МАҢЫЗДЫСЫНЫҢ БІРІ – АДАМГЕРШІЛІККЕ ҰМТЫЛУ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

байқалады.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,» -
деп, ұрпаққа өмір жолын таңдауда, өзіңді таны, өнерпаздыққа ұмтыл деген ұлағат айтады. Ол адам бойындағы үш қасиет: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген тұжырымға тоқталады, өзінің он жетінші қарасөзінде: Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысын берді, яғни өлең жолдарында өрілген ойды жандандыра, тереңдете түседі.
Ұрпақ жанына осылайша жақсылықтың дәнін сеуіп, әр істі ақылға жеңдіріп, шындыққа жүгінуге шақырады. Керісінше, мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншектік, мал шашпақ сияқты кеселді мінезден бездіреді, жирендіреді. Сонда ғана ұрпақ жаны игі істерге ұмтылып, дүние ғылымын үйренуге бет бұратынын, оған апаратын жол – еңбек екенін жеткізіп бағады.
Ұлы Абайдың өлеңдерін, қарасөздерінің құндылық мәніне көңіл бөлген сайын баға жетпес байлық екенін түсінесің. Абайдың әр сөзі бір тақырыптың жүгін көтергендей.
«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі», бірақ сол білім өлеңдегі мақсат, мәнсап, мақтан үшін емес, халық кәдесіне, көптің көрегеніне жарағаны игі және «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады,» - деп түйіндейді.
Абайдың өлеңдерінің барлығында айтылатын ойларды түйіндей келе, «Адам болам десеңіз. . . » - жылы жүректі болған абзал.
Абай ілімі – рухани-адамгершілік әлем қоймасының кілті тәрізді. Сол кілтпен рухани дүниенің қақпасын ашып, халыққа рухани әлемнің байлығын молынан беруге болады.
«Өздерің де ойлаңдар,
Неше түрлі жан барсың.
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,



Þ
â

X
Z
è
ê

Даладағы аңдарсың» -
(«Өзгеге көңілім тоярсың»)
дей келе Абай адамның жетілуін сатыға бөліп берді. Адам бірінші сатыда надандық қасиеттің ы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: