арыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді !
Нұр бірте-бірте қарқын алып және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз! Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге:"Барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. . . Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз!"
Ойша айтыңыз: "Мен Нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен - Нұрмын!".
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!. .
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
Ұстаздың шәкірттерін сынауы.
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
1. Ұстаз шәкірттерін қалай сынады?
2. Өз іс-әрекетіңе ішіңнен қысылып, ұялған кезің болды ма?
Сабақ барысын талдау:
3. Бейнеролик. Достық туралы
4. Жаңа білім беру кезеңі.
Әңгімелесуді мұғалім татаға "Адалдық,әділдік" сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін ашады.
Адалдық-адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет. Ұлы Абай: "Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол"
5. Оқулықпен жұмыс.
1-жағдаят.
Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2-жағдаят.
Сендер баланың сұрағына
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>