«Абайтану» пәнін мектепте оқытудың өзекті мәселелері»
атты ғылыми – әдістемелік семинар
Тақырыбы: «Инновациялық- педагогикалық технологиялар»
«Абай- біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс. »
ҚР Президенті Н. Ә . Назарбаев
Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі жасайды – деп айтқандай Абай мұрасы мәңгілік. Бүгінгі уақытта Абайдың кім екенін сұрасақ, әр адам: «Абай дана ақын, өз заманының озық ойлы демократы, тіл ағартушысы, терең ойшыл, қоғам қайраткері, көрнекі ақын, сөз өнеріне үлесін қосқан аса талантты сазгер, артына өлместей ойлы ән қалдырған» деп айта алады.
Бүкіл саналы ғұмырының басым бөлігін Абайға арнаған данышпан
М. Әуезов те оның мол мұрасын «тек шөмішпен ғана сүзіп алдым» деген. «Ал біздер, ұстаздар, тіпті қасықпен қалқып алып, ұлы дана мұрасын шәкірттерімізге бере алып жүрміз бе? Ол әрине ойланатын мәселе» - деп бүкіл ұстаздар қауымына ой тастап кеткен ұлы ұстазымыз Қ. О Бітібаеваның сөзі мені де қатты толғандырады. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.
Абай қазір еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемге танылып жатыр. Абай есімі әлемді шарлады. Абайды таныту, бағалау, насихаттау, оқыту- қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. . Сол себептен де XXI ғасыр ұрпағына Абайды танытып, мол мұрасымен қауыштыру ұстаздар алдындағы қасиетті міндет. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта құру қажет екендігін паш етті. Себебі,қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда оқушылардың бойында өзекті біл
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>