Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

йтқан?
ІV топ - Абай өзінің ақындық биік мақсатын қалай түсіндірген?

V. Шығармашылық отау. (Өлең шығару)
"Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел" деген тақырыпты негізге ала отырып өлең ұйқасын құру. Топ бір-бірін бағалайды.

VІ. Менің ойға түйгенім. . . Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдеріне орай түйген ойларын жазады.

VІІ. Сабақты қорытындылау.
"Абайдың істеп кеткен қызметі - әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық. Атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты" -деп М. Әуезов айтқандай, Абай-дара, дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
VІІІ. Үй тапсырмасы
1. "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы" өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.
2. "Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі" эссе жазу.
ІХ. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысы мен белсенділігін ескере отырып бағалау.










Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев "Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы"
Мақсаты:білімділік:Абай өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Абайдың поэзияға қояр
талабын түсіндіру,өлеңді өнер деп ұғындыру ;
дамытушылық:Оқушыларды тұжырымды ой айта білуге үйрету,тіл байлығын өрістету;
тәрбиелік:Абай өлеңдерін,поэзияны сүюге,оны түсіне білугетәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақтың түрі:Шығармашылық сабақ
Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі. Саз. Кино.
Әдіс-тәсілдері:ой қозғау,сұрақ-жауап,сто әдістері
Көрнекілігі:Абайдың суреті,интерактивті тақта,кесте, "Абай"деректі фильмі

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: