ны жоқ деген, пайғамбарымыздың салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифі «мән-лә хаяун лаһу» деген дәлел дүр. Енді белгілі, иман құр инанышпенен болмайды, ғадаләт уа рафғат бірлән болады. Ғамалус-салих ғадаләтті уә мархамәтті болмақ күллі тән бірлән қылған құлшылдықтардың ешбірі ғадаләтті, мархаматты бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не халәттә екендіктерін, оған дәлел керек емес. Бәлки ғадаләт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят - бұл ғадаләттен шығады. Оның үшін ғадаләті адамның көңіліне келеді: мен өз көңілімде халық менімен, сондай-мұндай қылықтарымен мұғамәла қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол халықтармен мұғамәла қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол езі әділет те және нысап та емес пе? Ол һәмма жақсылықтың басы емес пе? Жә, олай хұлық пенен сол ойды ойлаған кісі халлақыны шүкірді неге ойламасын?
Шәкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Енді зинһар ғадаләт, шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та һаммасы босанады. Аллаяр софының бір фәрдәдән жүз фәрдә бижай дегені басыңа келеді. Енді біздің бастағы тағриф бойынша құдай тағала ғылымды, рахымды, ғадаләтті, құдіретті еді. Сен де бұл ғылым, рахым, ғадаләт үш сипатпенен сипаттанбақ: ижтиһатің шарт еттің, мұсылман болдың һәм толық инсаниятың бар болады. Белгілі жәуанмәртлік үш хаслат бірлән болар деген, сиддиқ, кәрәм, ғақыл - бұл үшеуінен сиддиқ ғадаләт болар, кәрәм шафағат болар. Ғақыл мағалұм дүр, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар әр адамның бойында алла табарака уатағала тәхмин бар қылып жаратқан. Бірақ оған рәуаж беріп гүлдендірмек, бәлки, адам өз халінше кәмәлатқа жеткізбек жәһәтінде болмақ. Бұлар - ез иждиһадің бірлән ниет халис бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш хасләттің иелерінің алды - пайғамбарлар, онан соң - әулиелер, онан с
Страницы: << < 46 | 47 | 48 | 49 | 50 > >>