"Абай оқулары" мектепішілік байқауының
жүргізілу реті
Мектепішілік байқаудың мақсаты: біздің білім ордасындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсаты мен қазақ руханиятының мәртебелі мақтанышы, қазақ әдебиетінің бірегей тұлғасы - Абай мұраларын келешек ұрпақ рухына сіңіріп, насихаттау бағытындағы жыл сайын ұйымдастырылып отырған "Абай оқулары" байқауы игі дәстүрдің заңды жалғасы деп білеміз. Сайыстың негізгі мақсаты: жеке тұлға бойына мемлекеттік мінез бен отансүйгіштік рух, адами құндылықтар қалыптастырылып, тіл табиғатын тереңнен танытып, мемлекеттік мәртебесін еселеу, рухани әлемін өрістету. Біздің президентіміз Н. Ә. Назарбаев "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" деген толымды пікірін ескере отырып, игі мақсаттардың жалғасы ретіндегі біздің бүгінгі мектепіщілік "Абай оқулары" байқауы соның бір көрінісі деп бағалаймыз.
Байқаудың кезеңдері:
І кезең - өлеңді мәнерлеп оқу кезеңі.
ІІ кезең - хакім Абайдың әндерін нақышына келтіріп, орындау шеберлігін айқындап, оқушы рухына сіңіру.
ІІІ кезең - шығармашылық кезеңнің шарты бойынша әрбір қатысушы өзінің шығармашылық шеберлігін көрерменге жария етеді. Ол сахналық қойылым болуы мүмкін немесе өзінің шығарған өлеңі, шығармасы болуына да шек қойылмайды.
Байқауға қатысушы сыныптар: 5-11 сынып оқушылары
Мерзімі:
Кештің өту барысы:
1 жүргізуші:
Қазақ халқының ұлы классигі, данышпан ақын, әдебиеттің сара жолын келешек ұрпаққа кеңінен ашып берген кім десе, бірден - Абай Құнанбайұлы деп жауап берер едік. Өйткені , ол қазақтың бас ақыны, бұрынғы, соңғы заманда әдебиетімізде одан асқан ақын болған жоқ. Аба
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>