йымсыздық екенін көрсете келіп,ақын әділдік пен даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да,ол жұмбақтарды ақынға шештіреді.
Бұл-адам көз сүйегі,-деді ханға.
Тоя ма адам көзі мың-мың санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр,көзге құм құйылғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен.
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрседе,өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады,ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп,ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып,жауыздықты әділдікке жеңгізеді.
Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен,ақын оны өмір шындығына жақындатып,реалистік негізде суреттейді. Уақиға бір түйінге-әділдік пен жауыздықтың бетпе-беп кездесуіне топтатады да,кейіпкердің мінез-құлқы,іс-әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиғаға арқау болып,оның өне бойынан көрініп отырады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестереді. Ақынның дидактикалық,өсиет-үлгілік қорытындысы осы арада шығырылады.
Поэмада жарқын суреттер мен қажетті баяндаулар,диалог пен лирикалық шегініс орынды пайдаланылады. Бұл-Абайдың шағын шығарма жазудағы шеберлілігін танытады.
Поэманы үш оқушы ролмен оқиды. Оқушылар мазмұдап,сюжеттік жоспар құрады. (Тақтаға жазады).
Сюжеттік жоспар: (Дәптерге жазу)
1. Жас патша Ескендір
2. Мөлдір бұлақ
3. Ақыл берер сый.
4. Таразыдағы бас сүйек.
5. Аристотелдің даналық ойы.
6. Ескендірдің тосылуы.
ІУ. Жаңа сабақты бекіту. Талдау сұрақтар:
1. "Ескендір" поэмасының идеялық мазмұны неде? (Ұлы ақын осы поэмамен қанша жұрттың жаман ниетін қайтарып,дүниенің жолдас болмайтындығын,қанағатсыздық-тойымсыздықтың соңы ақырында
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>