-сөздің патшасы,сөз сарасы"т. б. .
4. Табиғат тақырыбын жырлаған өлеңдері: ( "Жаз" 1886ж, , "Қыс" 1888 ж. )т. б.
5. Махаббат лирикасы. "Көзімнің қарасы" , "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" т. б.
Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе,әдеби тілді дамытып,қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы.
ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны .
Дәптерлеріне бүгінгі күнді,сабақтың тақырыбын жазу. Бүгінгі сабақтың тақырыбы А. Құнанбаевтың "Ескендір"поэмасы.
Абайдан қалған үш поэма бар. Олар: "Ескендір", "Масғұт", "Әзімнің әңгімесі". Соңғысы аяқталмаған.
Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыс халықтарының аңыз,ертегілері сюжетіне, дастан үлгісінде жазылған. Уақиғалары шағын,көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын көбінесе,өзіне қажет ұстаздық,тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп,көпке үлгі етуді ойлаған.
"Ескендір" поэмасы Шығыс елдерінде "Ескендір Зұлқарнайын"деген атпен тараған. Еуропаға Александар Македонский деген атпен белгіл қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса,Шығыстың Фирдоуси,Низами,Науаи,Жәми сияқты ақындары да жырлаған.
Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бармай өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де,оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым,гуманист Аристотельді кіргізеді.
Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады. Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен то
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>