A есебі. Өзгеріс не үшін керек?

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

талған білім мен тәрбие бірдей берілу керек. Шындығына келетін болсақ Сингапур мен Финляндиядағы білім беру жүйесі біздің білім беру жүйемізден өзгешелеу екені анық. Екі елдің де оқу процесі өте жоғары дамыған. Осы Сингапур мен Финляндия елдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бақылай отырып: осының негізінде біздің елімізге қандай өзгерістер енгізіліп жатыр деген сұрақ туындады. Қазақстан да, жылдан-жылға басқа елдермен қатар білім беру сапасын арттыру бойынша терезесін теңестіріп келеді. Еліміз жыл өткен сайын жаңару үстінде. Ең күрделі және маңызды нәрсе - бұл білім беру жүйесінің мазмұнын өзгерту, ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын, түрлі әдіс-әдіс тәсілдерін жетілдіру болмақ. Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту бұл білім жүйесінің жаңа үлгісін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту технологиясын өзгерту арқылы жүргізіледі. Ал, мұның барлығы жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды әзірлеуді, педагогикалық университеттердегі мұғалімдерді оқыту және даярлау мазмұнын өзгертуді, мұғалімдерді және басшыларды қайта даярлауды, білім жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі мен үндестігін қайта қарауды талап етіп отыр. Осы айтылғандардың барлығын жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлексияға қабілетті, өзін - өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуын қажет етеді. Оқушының білімі - мұғалімнің біліктілігі мен білімінің арқасында көтеріледі. Мұғалімдерді осы мақсатта жыл сайын оқу бағдарламасын жаңарту мақсатында жаңа оқу б

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: