, сонымен қатар екіншіден, сингапурлық оқушылар 1995 жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан халықаралық (TIMSS) тестілеуден әлемде жоғарғы нәтиже көрсетуде, үшіншіден, 2008 жылдан бастап консалтинг компаниясы Сингапурдың білім жүйесін әлемде ең тиімді деп атады (әсіресе педагог мұғалімдерді дайындау саласы бойынша). Білім жүйесінің алдындағы міндет -елді сауатты және техникалық білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ұлттардың білім құрылымдарына біркелкі стандартты енгізу арқылы оптимизациялау мәселесі туындады. Барлық пәндерді бір тілде жүргізу таңдалды, ол - ағылшын тілі. Сингапурдың барлық азаматтарын ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу, дайындау жүйесі халықаралық өндіріс, сауда және білім саясатын жүргізуге бағытталса, ал қытай тілі Азиялық бизнеске тиімді. 2 Бүгінгі уақытта Сингапурда он жылдық білім жүйесі, алты жастан бастап оқушылар сан қырлы, түрлі оқу бағдарламалар аясында білім алады. Осы жүйе әр оқушының бейім-қажеттілігіне қарай таңдау және мектеп кеңесінің берген бағдарламасымен оқуға мүмкіндік туғызуда. Оқушыларға мектепте қосымша спорт, шығармашылық іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінеді екен. Барлық білім жүйесі әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Сыныптың тығыздығы-40 балаға дейін екен, мұғалім сабақты сегіз топқа бөліп, топтық әрекеттермен өткізеді. 2Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сингапурда әр оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған, негізгі идеясы қабілетті, дарындылар
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>