л, жақсы қасиеттерге ие болуы керек.
Берілген тізімде шеберлік бірінші орында тұруы керек. Егер "Википедияға" көз жүгіртсек, "шеберлік" - бұл әртүрлі жағдайда қиын жұмыстардың шешімін нақты әрі жүйелі, тиімді тәсілдермен шеше білетін, сенімді адамдар жиынтығы. Ал мұндай мұғалімді қалай өсіру керек? Міне осы сұрақ төңірегінде көптеген білім жүйелері жұмыс істеуде. Кәсіби білімді мұғалімді үйрету үшін кандидаттарды іріктеп алуда тиімді механизмдер жасалуда. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр. Әлем елдеріндегі білімнің азығы болып отырған - Сингапур, Финляндия елдерінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстыра келе, білім сапасын көтеру мәселесі қарастырылатындығын көруге болады. Ондағы негізгі мақсатым дамыған елдердің басым жақтарымен, әлсіз жақтарын қалай бақылайтынын анықтау болды. Ол үшін осы жоғарыда айтылған екі елдің және отандастарымның жұмыстарымен танысудан бастадым.
Сингапур елінің білім жүйесі аз уақыт аралығында табысқа қалай жетіп отыр? Бұл ел білім беру жүйесінде нені басты назарға алады екен? Сингапурдың мектеп оқушылары халықаралық тестілеуде тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетеді. Білім инфрақұрылымы шағын және экономика құрылымымен өте жақсы интеграцияланған білім беру институттарының қызмет көрсету сапасы жедел дамып, дамыған елдердің қатарына қосылды. Білім әлемдік экономикаға бағытталып, табысқа жету мақсатында әлеуметтік және шаруашылық қажеттілікке бейімделе негізделген. Білім саласындағы эксперттер осы елдің оқу жүйесін әлемде жоғары деп бағалады. Біріншіден, Сингапурдағы PIRLS зерттеулеріне сүйенсек, сауаттылығы жағынан әлемде алдыңғы қатарлылардың бірінде
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>