Байгонова Гулзада Мендешовна
ОСШ3 имени Абая города Талгара Алматинской области
учитель казахского языка
Сабақтың тақырыбы: Ақ бата
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіріп, халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық ізденісін арттыру.
3. Тәрбиелік: Туған жерін,елін,қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Еліміздің озық ойлы,кең өрісті азаматын тәрбиелеп,өнегелі,
өнерлі болып өсуіне ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: оқу, баяндау,бейнетаспа тамашалау,мәнерлеп жатқа оқу,ой қозғау , сұрақ- жауап , жатқа оқу, мазмұндау, синтаксистік талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, "Ақ бата" презентация, Шәкір Әбеновтің Н. Назарбаевқа берген батасы туралы бейнетаспалар , "Қыз Жібек" фильмінен үзінді
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
1. "Ел бірлігі" Мәтінін мазмұндау.
2. Ел бірлігі, Отан туралы мақал- мәтелдер.
Сабақтың мақсатын қою кезеңі:
III . Сабақтың мақсатын қою кезеңі:
- Сабағымыз ғасырдан ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазынамыз- батаға арналады. Бүгінгі сабағымызда батаның түрлерін қарастырып, халқымыздың өмірінде алатын орны туралы сөз қозғаймыз.
IV Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1. Бата туралы презентация.
1) Бата туралы бейнетаспа. Бата- ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел: "Бата-сөздің анасы", "Атаңнан
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>