Ақ бата

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

бота қалмасын, бата қалсын","Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас".
2. Бата туралы ұлылардың сөзі:
Б. Момышұлы:"Халқымыздың игі салт - дәстүрлері - біздің асыл мұрамыз"
Ахмет Байтұрсынов: "Бата - біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар - басы бар табақты тартуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады"
3. Шәкір Әбеновтің Н. Назарбаевқа берген батасы туралы бейнетаспаны тамашалау.
Бата билік басына келген хан, патшаларға, Елбасына да беріледі. Мәселен, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы алғаш рет Президент болып сайланған кезде өзінің таққа отыру рәсімінде Елбасымыз аты әлемге жайылған ұлы Абайдың ұрпағы Шәкір Әбенов ақсақалдан алды.
4. Аудандық "Дарын" ғылыми- практикалық конференциясының жүлдегері Ахметова Д. "Қазақ тіліндегі тілек-бата сөздерінің қолданылуы" туралы жобасы туралы.
Біздің данагөй бабаларымыз: "Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер", - деп айтып кеткен ғой. Бата - арабтың "фатеке" деген сөзінің қазақша айтылу түрі", - дейді. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.
Батаның негізгі түрлері
1. Ақ бата.
2. Теріс (қарғыс) бата.
3. Серттесу батасы (баталасу).
1)Ақ бата - шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама. Ақ батаның негізгі мақсаты - ағайынның бір-біріне деген, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі береке - бірлікке шақыру.
2)Теріс бата - қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, Отанын сатқан, ауыр қылмыс жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. "Қыз Жібек" фильмінен үзіндіні

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: