иелік: Оқушыларды азық-түліктің қадір-қасиетін білуге баулу. Азық-түліктің адам өмірінде басты орын алатындығы жайлы тәрбиелік әңгіме жүргізу. Дамытушылық:Тақырып бойынша есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Оқушылардың сөздікқорын молайту. Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ- жауап, Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. Оқушыларды пән мақсаттарымен таныстыру,тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. II. Сөздік жұмысы. Тағам- пища. Ет- мясо. Ірімшік - сыр. Тәтті-сладкий
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді оқушыларға қайталату. 2. Оқушыларға жаңа сөздерді тізбектетіп айтқызу. 3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау: а) Сөздің орысшасын айтып,допты бір оқушыға лақтыру. Ол оқушы допты қағып алып,допты өзіме лақтырады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасау қажет. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады. ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады. б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды көрсетіп,оқушыларға сол сөздердің атауларын дәптерлеріне жазғызу. Кейін оқушыларды кезек-кезек тақта алдына шақырып, сөздердің сауатты жазылуын тексеру.
III. Жаңасабақ
1 тапсырма:"Біліп ал" айдарымен берілген тапсырманы жазбаша дәптерлеріне орындатар алдында ауызша жұмыс жүргізу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін сұрақтар мен көрнекіліктер арқылы жандандыру. "Азық-түлік" тақырыбы бойынша жұмысты бейнелеу өнері арқылы жандандыру. Практикалық жұмыспен бекіту2 тапсырма: Оқылым және айтылым әрекетіне берілген тапсырманы сөз тіркесін жасап, сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында тапсырманы жеке тапс
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>