туралы тәрбиелік маңызы зор әңгімелер жүргізуді жалғастыру. Уақыттарын үнемдеп,салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Дамытушылық: әр түрлі ойындар арқылы оқушылардың сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын молайту,жауапкершілікті сезінуін,қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ- жауап, Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. Оқушыларды пән мақсаттарымен таныстыру,тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. II. Сөздік жұмысы. Отбасы- семья. Ата-дедушка. Әже-бабушка. Әке - отец. Ана- мать. Аға - старший брат . Әпке -старшая сестра.
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді оқушыларға қайталату. 2. Оқушыларға жаңа сөздерді тізбектетіп айтқызу. 3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау: а) Сөздің орысшасын айтып,допты бір оқушыға лақтыру. ол оқушы допты қағып алып,допты өзіме лақтырады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасау қажет. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады. ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады. б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды көрсетіп,оқушыларға сол сөздердің атауларын дәптерлеріне жазғызу. Кейін оқушыларды кезек-кезек тақта алдына шақырып, сөздердің сауатты жазылуын тексеру.
III. Жаңа сабақ
1 тапсырма: "Менің отбасым"Берілген тапсырма бойынша оқылым және тыңдалым әрекеттерін жүргізу. Әр оқушымен жеке жұмыс. Өткен жылғы алған білімдерін жаңғыртып, өз отбасы туралы толық әңгіме құрастырғызып, айтылым әрекетін іске асыру. Сыныптағы барлық оқушыларды тілдесімге жетелеу. 2 тапсырма: Үлгі бойынша берілген диалогпен жұмыс жасау. Диалог бойынша өз отбасы туралы жұптық жұмыс
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>