ін жүйелі түрде қолданып,тілдесім әрекеттерін жалғастыру. Оқу техникасын жандандыру. Тәрбиелік: Отбасы және отбасындағы қарым-қатынас жайлы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізу. Үлкенді құрметтеуге баулу. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын сөйлесім әрекеті арқылы дамыту. Сөздік қорын байыту. І және ІІ жақта сөйлеу дағдысын одан әрі жалғастыру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ- жауап, Көрнекіліктер: суреттер, кестелер. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Сөздік жұмысы. Жас,жаста - лет. Оқып отыр-читает. Тоқып отыр - вяжет. Тігіп отыр - шьет . Ойнап отыр - играет. Көріп отыр - смотрит.
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді оқушыларға қайталату. 2. Оқушыларға жаңа сөздерді тізбектетіп айтқызу. 3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау: а) Сөздің орысшасын айтып,допты бір оқушыға лақтыру. ол оқушы допты қағып алып,допты өзіме лақтырады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасау қажет. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады. ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады. б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды көрсетіп,оқушыларға сол сөздердің атауларын дәптерлеріне жазғызу. Кейін оқушыларды кезек-кезек тақта алдына шақырып, сөздердің сауатты жазылуын тексеру.
III. Жаңа сабақ
1 тапсырма: "Менің отбасым"Берілген тапсырма бойынша оқылым және тыңдалым әрекеттерін жүргізу. Әр оқушымен жеке жұмыс. Өткен жылғы алған білімдерін жаңғыртып, өз отбасы туралы толық әңгіме құрастырып айтуды жалғастыру мақсатында және оқушының түсінігін тексеру үшін мәтінмен жұмыс жасату. Оқылым,жазылым,айтылым әрекетін іске асыру. Сыныпта
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>