Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 173
  • Скачиваний: 1


Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.
Көрнекіліктері: слайдтар, кинофильм, күй дискілері.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, спорт.
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті.
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші:Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлыр мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің автолар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында Қ.Сәтбаев пен К.Байсейітова көшелерінің қиылысатын жерінде орналасқан. Монумент орналасқан ауданның ұзындығы 180 км жерді қамтиды. Маңғыстаудың бедерлі құлпы тастарға ұқсас оюлы Сынтас. Осы Сынтас үстінде бойы алты метрлік қанатты барысқа мінген «Алтын адамның» мүсіні тұр. Бұл көркем бейне ойдан алынбаған, негізінен Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адам» сипаты пайдаланылған. Үстіндегі сәнді, салтанатты дүниежүзілік дәрежедегі өнерлік туындыға жататын зергерлік бұйымдарға қарағанда бұл өзі ханзада болса керек. Ол патшаның баласы болса- онда оның әкесі билеген патшалық болғаны да даусыз.Осы тұста «Мен- қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген ақын Жұбан Молдағалиевтің өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Сынтастың түбінде, төрт жағында мүсіндер тобы орналасқан.Олар: Ақыл- ой иесі- Абыз,Жер- Ана, тайға мінген қыз бала мен ұл бала.Төмендегі мүсіндердің төртеу болуы да тегін емес. Қазақ шартарапты дүниенің төрт бұрышы дейді, ол түгел болса жақсылық және береке табады. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді»- деуі содан. Тайға мінген балалар- жаңа құрылып жатқан тәуелсіз мемлекеттің нышанындай. Олардың келешегі-алда; «біз көлденеңнен қосылған көкдөнен» емеспіз, адамзат өркениетіндегі игілікті істерге ат салысамыз, сайысқа түсеміз деген ойды білдіреді.Батыр ханзаданың бас киімінің тәжі, кеудесіндегі қалқан, белбеу, барыстың қанатына алтын жалатылған.
Егер Тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп-әлпештеп, құрметтеп ардақтайық!Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін,Отанымыз көркейсін!

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: